Оның ішінде көпбалалы отбасылар - 245 , мүгедек бала асыраушы отбасылар - 187, толық емес отбасыларға - 40 лимит қарастырылған.
Шымкент қаласында “Бақытты отбасы” бағдарламасының нәтижесі шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
“Отбасы банкі” жариялаған ақпараттарға сәйкес, қатысушылардың төлем қабілеттігін бағалау қараша айының 7-і мен 30-ы аралығында жүргізіліп, азаматтардың тұрғын үйді таңдау кезеңі желтоқсан айының 8-інен басталады. Іріктеу мерзімі аяқталған соң, банк іріктеуге арналған құжаттарды қабылдамайды. Аталған тұрғын үйлер Шымкент қаласының Арғынбеков және Тұран шағын аудандарында орналасқан.
2022 жылы Шымкент қаласына “Бақытты отбасы 2-10-20” бағыты бойынша жалпы саны 472 лиимт бөлінді. Оның ішінде көпбалалы отбасылар - 245 , мүгедек бала асыраушы отбасылар - 187, толық емес отбасыларға - 40 лимит қарастырылған.
Еске сала кетейік, аталған бағыт бойынша өтінім тапсыру 20 маусымнан бастап “Отбасы банк” АҚ-ның интернет-ресурсы арқылы жүзеге асырылған болатын. Енді “Бақытты отбасы” бағдарламасының қатысушылары таза әрлеудегі әкімдіктің тапсырысымен салынған үйлерді алады. Әлеуметтік тұрғын үй 3-4 жайлылық класына сәйкес келеді. Пәтерлердің ауданы 80 шаршы метрге дейін қарастырылған.