«Инстаграмм» әлеуметтік желісінде әйелдің кәмелет жасқа толмаған балаға дөрекі іс-әрекет жасағаны бойынша кезекті бейнежазба жарияланды.
иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден
Аталған жайт бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде, әйелдің жеке басы және оның жуырда жарияланған бейнежазбаға қатысы бар-жоғы анықталуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бірінші жайт бойынша ҚР ҚК-нің 140-бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ аталған бапқа сәйкес екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына немесе бір жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, алпыс тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазалануы көзделген.
Әйелге қатысты тиісті сараптама тағайындалды.
Дереккөз: Шымкент қалалық ПД-нің Баспасөз қызметі