«Білім берудегі инновация»: Шымкентте ғылыми-практикалық конференция өткізілді

0
631

Конференция барысында мектепке дейінгі ұйымдардың тәжірибелік жұмыстары туралы бейнеролик көрсетілді.


«Білім берудегі инновация»: Шымкентте ғылыми-практикалық конференция өткізілді

Шымкенттегі Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасы базасында қалалық білім басқармасына қарасты әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен «Білім берудегі инновация» тақырыбындағы қалалық ғылыми-практикалық конференция өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мектепке дейінгі ұйым жетекшілері арасында зерттеушілер мен практиктердің диалогын құруды, тәрбие мен оқытудың басым бағыттарын атап көрсетуді және білім сапасын арттырудағы озық педагогикалық тәжірибелерді анықтап, таратуды мақсат еткен ғылыми-практикалық конференцияның жетекшісі Коздигарина Женис Сергеевна бір жылдық жоба аясындағы жұмыстардың қорытындысы туралы мәлімет берді.
Конференция барысында мектепке дейінгі ұйымдардың тәжірибелік жұмыстары туралы бейнеролик көрсетіліп, қатысушылар арасында «Миға шабуыл» ойыны өткізілді.
Сонымен қатар, аталмыш жоба аясында дайындалған 17 әдістемелік нұсқаулықтар мен құралдардың және жалпы осы жоба аясында өткізілген жұмыстар жинағы мен материалдарының тұсауы кесіліп, авторларымен сұхбат жүргізілді.
Қалалық деңгейде өткен ғылыми-практикалық конференцияда әрбір қатысушының еркін және ашық түрде өз ойларын ортаға салып, пікір алмасу мүмкіндігі қарастырылған. Тәрбиешілер тарапынан осындай инновациялық жобалар жалғасын тапса екен деген ұсыныстар айтылды.