2022 жылы мегаполистегі 81 елді-мекеннің 78-і сапалы ауыз сумен қамтылған болатын.
Биыл Шымкенттегі елді мекендер 100% сапалы ауыз сумен қамтылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Олар Құрсай 1,2 – кезек, Асар-2, Нұртас ВС, Текесу е/м, Қайнарбұлақ е/м, Сайрам 1 кезек, Еңбекші ауданы жаңа құрылыс аумақтары.
Қазіргі уақытта Асар-2, Текесу елді мекендері және Нұртас су жинақтағышының құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді.
Сонымен қатар, Құрсай шағын ауданының және Қайнарбұлақ тұрғын алабының жаңа құрылыс аумақтарында ауыз су жүйесінің құрылысы аяқталып, абоненттеу жұмыстары жүргізілуде.
Нәтижесінде, 2022 жылы 6 мыңға жуық адам сапалы ауыз сумен қамтылып, көрсеткіш 98%-дан - 98,5%-ға дейін өсті.
2023 жылдың жоспарына сәйкес, Құрсай, Қайнарбұлақ және Сайрам елді мекендеріне биыл толығымен сапалы ауыз су беріліп, қаладағы елді мекендер 100 % сапалы ауыз сумен қамтылатын болады.