Құрылыс салуға мемлекеттік бюджет есебінен жалпы 12,9 миллиард теңге қарастырылған.
Шымкент қаласында 2023 жылы жалпы көлемі 254,2 мың шаршы метрді құрайтын 3342 пәтерлі 72 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын жүргізу жоспарлануда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы Шымкент қаласы құрылыс басқармасының басшысы Мадияр Сансызбайұлы брифинг барысында мәлімдеді.
Құрылыс салуға мемлекеттік бюджет есебінен жалпы 12,9 миллиард теңге қарастырылған. Оның ішінде:
- арендалық 29 үй (1364 пәтер);
- кредиттік 43 үй (1978 пәтер);
Сонымен қатар, жыл қорытындысымен салынатын 72 тұрғын үйден 3072 пәтерлі 67 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған.
Бұдан бөлек, жыл соңына дейін жұмыс жасайтын жастар үшін нарықтан 900 пәтер сатып алу жоспарланған.
Айта кетейік, құрылыс сапасын жақсарту бойынша тапсырысшы мен мердігер мекеме арасындағы келісім шартты күшейту мақсатында қосымша талаптар енгізілді.
Атап айтқанда, мердігер мекемеге 21 қосымша талап, техникалық қадағалаушыларға 15 қосымша талап, авторлық қадалаушыға 7 қосымша талап енгізілді.
Сонымен қатар, әр нысанға бекітілген техникалық қадағалаушы санын 3 есеге арттыру, құрылыс барысын тәулік бойы онлайн бақылау, құрылыс-монтаж кезеңінде терезе айналасына қосымша изоляциялық пленка жабыстыру жұмыстары қолға алынды.
Бұдан бөлек тұрғын үй құрылысы бойынша жүйелік өзгерістер енгізілуде:
1) Қасбеттерге заманауи материал, фибробетон, композитті панель қолдану;
2) түнгі жарықтандыру шамдарын орнату арқылы түнгі көрнісін көріктендіру;
3) подъездің 1-қабатындағы интерьерді заманауи үлгіде сәнді әрлеу;
4) автоматты суару жүйесін орнату;
5) қабарғаларды газоблок орнына күйдірілген кірпішпен қалау.
Айта кетейік, 2023 жылы Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданындағы 8 көпқабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Аудан аумағындағы 926 көпқабатты тұрғын үйлердің 40% ескірген үйлер. 2023 жылы 8 көпқабатты тұрғын үйлердің шатыры, кіреберіс алаңы, жертөлесі және қасбеттеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.