"Біз таза қала үшін": Шымкентте жастардың қатысуымен сенбілік өтті

0
815

Аталған жобаның мақсаты – жастардың экологиялық білімін арттыру және қоршаған ортаның ластануына жол бермеу.


ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен “Біз таза қала үшін” «Eco Sana» сенбілік қозғалысы өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ

Аталған жобаның мақсаты – жастардың экологиялық білімін арттыру және қоршаған ортаның ластануына жол бермеу, мәдениеттілігін қалыптастыруға бағытталған.

Аталмыш шараға "Жастар ресурстық орталығының" басшысы Ерлан Айтбаев, Қаратау ауданы әкімдігінің қызметкерлері және волонтерлік ұйымдар мен жоғары және орта арнаулы оқу орындары қатысты.

Сенбілік барысында Қаратау ауданы, Таскен елді-мекенінде көшпелі түрде күл-қоқыстар мен басқа да тұрмыстық қалдықтардан тазартылды.

Сонымен қатар жиналған күл-қоқыстар мен қалдықтар жүк көліктермен шығарылды. Нәтижесінде сенбілікке 17 команда қатысып, 7 тонна 475,5 кг қоқыс шығарылды.

Айта кетсек Абай ауданы «Ынтымақ» мөлтек ауданында өткен биылғы сенбіліктің ашылуына Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан қатысып, сенбілік барысында «Eco sana» жобасына қатысуға қала белсенділері, волонтерлік ұйымдар мен жоғары және орта арнаулы оқу орындарынан 17 команда қатысып, 1 тонна 500 келіге жуық қоқыс шығарылған болатын. Ал Әл-Фараби ауданы Сәуле мөлтек ауданында өткен екінші аптадағы сенбілікке 18 команда келіп, 180 ге жуық жас қатысып, 2 тонна 269 келіге жуық қоқыс шығарылған еді.