COVID-19: Шымкент - жасыл аймақта

0
442

Өткен тәулікте 2 адамнан коронавирус анықталды.


COVID-19: Шымкент - жасыл аймақта

Шымкент қаласында 1 наурыз күні 2 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Екеуі де инфекциялық стационарға жатқызылды.

Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 194 орын бар, төсек орын толымдығы 6,7 пайызды құрайды. Инфекциялық стационарда 13 науқас, жансақтау бөлімінде 1 науқас ем қабылдауда.
Бір тәулік ішінде қалада 298 адам вакцина алды (I компонент- 109, II компонент-189). Егу науқаны басталғалы барлығы 599 190 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 587 176 адам вакцинаның екі компонентін алды.
Pfizer вакцинасының I компонентін 57 591 адам, II компонентін 38 059 адам қабылдады.
149 130 адам ревакцинацияланды.