Департамент басшысы: "Еңбекке жарамды мүшесі мемлекет ұсынған жұмыстан бас тартқан отбасыға АӘК тағайындалмайды"

0
1 571

Бұл заң 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енбек.


Департамент басшысы:

Шымкент қаласы бойынша мониторинг жүргізу барысында АӘК тағайындау кезінде табысын жасырған 8 мыңнан астам отбасы анықталған, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен баспасөз брифингінде Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің Шымкент қаласы бойынша департамент басшысы Нұрсейітов Аманжол айтып берді.

Оның айтуынша, 2019 жылы Шымкент қаласы бойынша 47 мыңға жуық отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған, бұл көрсеткіш ҚР бойынша 13 %-ды құрайды екен. Оған қоса қала аумағындағы мониторинг нәтижесінде АӘК алу үшін табысын жасырған 8222 отбасы анықталып,тиісті шаралар қолданылған.

Сондай-ақ, департамент басшысының сөзіне сүйенсек, ҚР Еңбек министрлігі мемлекет басшысының 2019 жылдың қыркүйек айындағы Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырма бойынша АӘК көрсетудің жаңа тетіктері көзделген заң жобасын ҚР Парламентінің қарауына енгізуді жоспарлап отыр.

«Бұл заң жобасын енгізудегі мақсат – АӘК-нің атаулылығын, әділдігін, ашықтығын қамтамасыз ету және шын мәнінде мұқтаж адамдарға көмек көрсету. Ал, еңбекке қабілетті адамдар жұмыс істеп, мемлекеттік қызметке орналасуға және шағын бизнесті дамытуға үлес қосуы тиіс. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап кез келген отбасыдағы еңбекке жарамды адам мемлекет ұсынған қызметтен бас тартса, ол отбасыға АӘК тағайындалмайды», - деді Нұрсейітов Аманжол өз сөзінде.

Сонымен қатар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» марапаттаулары, бұрынғы «Батыр ана» атағын алған және «Ана даңқы» орденімен марапатталған көпбалалы аналарға орташа мөлшері 16100 теңгені құрайтын өмір бойына төленетін жәрдемақы сол қалпында сақталатын болады.