«Деструктивті діни ағымдардың алдын алу жолдары»: Шымкентте жастармен кездесу өтті

0
1 032

Іс-шараға Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студенттері қатысты.


«Деструктивті діни ағымдардың алдын алу жолдары»: Шымкентте жастармен кездесу өтті

Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Деструктивті діни ағымдардың алдын алу жолдары» бойынша кездесу ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған кездесудің мақсаты - жастарға діни ағымдардан сақтану туралы терең түсінік беру, ата-ананы құрметтеу, бейбітшілік пен адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін түсіндіру.

Кездесуге Дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Уәлихан Самат Шоқанұлы және Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студенттері қатысты. Ол деструктивті діни ағымдар туралы толыққанды түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жастардың сауалнамаларына жауап берді.

Сонымен қатар, Шымкентте жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша кездесу өтті. Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Бауыржан Қарбеков Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында өткен “Жастар арасындағы діни экстремизмнің, суицидтің, ұлтаралық араздастық пен құқық бұзушылықтың орын алуын ескерту және алдын алу” тақырыбында кездесуге қатысты. Сондай-ақ, аталған шараға Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы “Жастар ресурстық орталығының” өкілдері, “Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti” орталық мешітінің бірінші имамы Мұсабек Ақтамберді, қалалық Дін істері басқармасы “Дін мәселелерін зерттеу орталығының” теолог маманы Айнабек Ерболат, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының өкілдері мен студенттер қатысты.

Кездесу барысында жасөспірімдердің өмірлік мүмкіндіктерін көтеруге, қорғансыздық сезімін төмендетуге, олардың өзіндік іс-әрекетін жүзеге асыруы мен өмірлік әрекетіне керек талаптарды құруға бағдарланған жалпы профилактикалық шараларды іске асыру қажеттілігі талқыланды.