Е.АЙТАХАНОВ: «Бір-екі қызметкердің дұрыс емес шешімінің салдарынан бүкіл халық зардап шекпеуі тиіс»

0
994

Шымкентте 2015–2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында жалпы 24,6 млрд теңгеге 25 нысанның құрылыстары жүргізіліп, пайдалануға берілген.


Е.АЙТАХАНОВ: «Бір-екі қызметкердің дұрыс емес шешімінің салдарынан бүкіл халық зардап шекпеуі тиіс»

Бүгін Шымкент қаласы әкімі Е.Айтахановтың төрағалығымен аппараттық мәжілісі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған мәжілісте «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015–2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және 2020–2025 жылдарға арналған жобасы мен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жайында мәселелер көтерілді.

Энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Н.Жаманкөздің айтуы бойынша бүгінде «Нұрлы Жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015–2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында жалпы 24,6 млрд теңгеге 25 нысанның құрылыстары жүргізіліп, пайдалануға берілген.

Сондай-ақ, жиын барысында қалалық құрылыс басқармасының басшысы Е.Ахметов кәріз жүйелерін жүргізу (210,1 км), магистралды жылу құбырларының қайта құру жұмыстары (20 км), 9 мектеп (7200 орын), 2 инженерлік-коммуникациялы инфрақұрылым нысандары мен 4 автокөлік жолдары және 2 тұрғын үй құрылысы (7,4 мың шаршы метрді құрайтын 288 пәтер) сынды атқарылған жұмыстар бойынша шаһар басшысына баяндады.

Ал, Ерлан Қуанышұлы өз кезегінде инфрақұрылым жүргізбей тұрғын үй салу дұрыс емес екенін айтты.

«Бүгінде орын алып жатқан негізгі проблемалар осының салдарынан орын алуда. Бір-екі қызметкердің дұрыс емес шешімінің салдарынан бүкіл халық зардап шекпеуі тиіс», - деді Ерлан Айтаханов.