Е.Айтаханов: "Шымкент ауыз сумен 99% қамтамасыз етіледі"

0
1 105

Әкім көбейген қала қаржысының қайда жұмсалатынын айтты.


Е.Айтаханов:

Шымкент қаласы мәслихатының кезекті сессиясында қала бюджетінің көбейгенін айтқан әкім бірқатар жоспарлармен таныстырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Еске сала кетсек, бүгін Шымкент қаласының 2020-2022 жылдарға арналған бюдеті 342 млрд. теңгеден астам екені белгілі болды. Ал, ол ақпаратты ресми мәлімдеген Ерлан Айтаханов қаржының қай салаларға бөлінетінін айтты.


Ең бірінші

Ерлан Қуанышұлы сөз басында өзі әкім болып тағайындалған кезінде жұмыстарды шалғай елдімекендердің инфрақұрылым мәселелерін шешуден бастаймын дегенін еске алып, аталған жоспардың алдағы үш жылда атқарылатынын жеткізді. Сонымен қатар, мына салаларға тоқталып өтті.


Сапалы ауыз сумен қамту үшін 3 млрд. 773 млн. теңге

2020-2022 жылдары атқарылатын жұмыстар нәтижесінде мегаполис халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету деңгейі 93 %-дан 99 %-ға жетеді деп күтілуде.


Білім беру саласына 127 млрд. 222 млн. теңге

Бұл қаржы 2019 жылмен салыстырғанда 48 %-ға артық, оған 2020 жылы 7020 орынды 12 мектеп салынады және 11 мектеп пен балабақша ғимараты күрделі жөндеуден өткізілмек. Одан бөлек, қалада жаңа «Оқушылар» сарайы салынады және134 мектептің материалдық-техникалық базасы жаңартылады.


Шымкент қаласы бюджетінің бір бөлігі тазалық және абаттандыру жұмыстарына бөлінеді

2020 жылы қала аумағында 4 саябақ салынып, қалаға кіретін жолдардың бойына абаттандыру жұмыстары жүргізіледі.


Денсаулық сақтау саласына 11 млрд. 419 млн. теңге

2020 жылы қаладағы 32 денсаулық сақтау мекемесі құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, қалалық №2 аурухана мен №2 перзентхана және «Ана мен бала» орталығы күрделі жөндеуден өтеді. Сонымен қатар, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 100 жедел жәрдем автокөлігі сатып алынып, автоматтандырылған колл-орталық іске қосылады.