Е.Айтаханов: «Шымкентте мыңнан астам жұмыс орнын ашу жоспарланып жатыр»

0
920

Шымкент қаласында индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында жаңа жобалар іске қосылады.


Е.Айтаханов: «Шымкентте мыңнан астам жұмыс орнын ашу жоспарланып жатыр»

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Бүгін Шымкент қаласында ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың2 қыркүйек күні Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау бойынша қала активінің отырысы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы қала әкімі Е.Айтаханов мемлекеттік органдардың басшылары мен Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары, қоғамдық бірлестіктердің, саяси партиялар мен жастар ұйымдарының өкілдері қатысқан жиында айтты.

«2018 жылы Шымкент қаласында жалпы өңірлік өнім 2 трлн. теңгені құрап, 12 пайызға артқан. Қазір осы жоғары деңгейдегі өсім қарқынын сақтап қалу мәселесі көтеріліп отыр. Сондықтан, осы жылы Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында құны 38 млрд. теңгені құрайтын 14 жоба іске қосылып, 1 мыңнан астам жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Сонымен қатар, Жолдауда квазимемлекеттік сектордың қайтарымын арттыру қажеттігі айтылды. Ал, Шымкентте бүгінгі таңда 155 квазимемлекеттік сектор субъектілері бар. Одан бөлек, Президент шағын және орта бизнесті дамытуда бірнеше маңызды мәселелерге тоқталып өтті. Нақтырақ айтсақ, 2020-шы жылдан бастап микро және шағын бизнес саласындағы компанияларды табысқа салынатын салықтан үш жылға босату үшін заңнамалық база әзірленетін болады және ол күшәне енді. Бұл қаладағы 66 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектілерінде жұмыс жасайтын 165 мың адамға көрсетілетін қамқорлық», - деді қала әкімі Е.Айтаханов.

Айта кетейік, осының алдында Шымкенттегі бейбіт акциялар өтетін орындардың бекітілетіні және қаланың әр ауданында фронт-офистер ашылатыны туралы хабарлаған болатынбыз.