«eQonaq»: Шымкентте қонақ үйлерде жаңа жүйе іске қосылды

0
1 072

Аталған ақпараттық жүйе 65 қонақ үй енгізіліп, тәжірибеде қолданылып келеді.


«eQonaq»: Шымкентте қонақ үйлерде жаңа жүйе іске қосылды

Шымкент қаласындағы қонақ үйлерге «eQonaq» жүйесі іске қосылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

16 шілде күні City Hotel қонақ үйінде туристерді есепке алу, туристік ағынды талдау және көші-қон бақылауын жүзеге асыруға арналған «eQonaq» бірыңғай ақпараттық жүйесінің таныстырылымы өтеді.

Іс-шараға «Kazakh Tourism» Ұлттық Компаниясы АҚ өкілдері, Шымкент қаласы әкімдігі мен Visit Shymkent туристік орталығы, сондай-ақ қонақ үй иелері және сала мамандары қатысады.
«еQonaq» бірыңғай ақпараттық жүйесі тәжірибелік пайдалануға 2020 жылдың IV тоқсанында енгізілді. Бүгінде аталған жүйе негізінде Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы 576 орналастыру орны (қонақ үйлер, хостелдер, демалыс үйлері және т.б.) 29077 туристі тіркеген.
Шымкентте аталған ақпараттық жүйе 65 қонақ үй енгізіліп, тәжірибеде қолданылып келеді.
Сондай-ақ, аталған жүйе шілде айында Тараз, Қызылорда, Түркістан қонақ үйлеріне де енгізілмек. Жыл соңына дейін еліміздің басқа да туристік аймақтары толықтай қамтылып, «eQonaq» жүйесіне тіркелген қонақ үйлер санын 700-ге жеткізу жоспарланып отыр.
Айта кетейік, жүйені дамыту аясында Kazakh Tourism ұлттық компаниясы әзірлеуші ретінде «Ashyq» жүйесімен интеграциялауды қолға алмақ.