Ғабидолла Әбдірахымов: "Бізде Римдегідей Колизей жоқ"

0
1 508

Шымкент әкімі Ғ.Әбдірахымов Қ.Мұңайтпасов атындағы орталық стадионды қайта құру жұмыстарына жұмсалатын қаржы төңірегінде өз ойымен бөлісті.


Ғабидолла Әбдірахымов:

Шымкент қаласының әкімі орталық стадионды қайта құру құрылысына кететін шығынды мүмкіндігінше арзандатуды тапсырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Ғабидолла Рахматоллұлы бұл жөнінде өзінің "инстаграм" парақшасында жазды.


"Мен жақында стадионның қайта құрылысы туралы жоспарларыммен бөлістім. Әрине, қоғамда стадионның құны туралы сұрақтар пайда болды. Түсіндіргім келеді.
Стадион бізге тек футбол үшін ғана қажет емес. Сонымен қатар, Шымкенттің туристік орталық болуын қалаймыз. Біздің он мыңдаған туристік қонақтар, біздің қонақ үйлерімізде тұрып, кафелерімізге, мейрамханаларға және дүкендерге келуін қалаймыз. Бұл дегеніміз - Шымкент қаласында жаңа жұмыс орындарын құруға, бизнес және қала тұрғындарының табысын көбейтеді, ұлғайтады.
Бірақ, бұған қалай қол жеткізуге болады?
Бізде Римдегідей Колизей, Түркістандағы кесене немесе Париждегі Эйфель мұнарасы жоқ. Прага, Лондон немесе Санкт-Петербург сияқты сәулет, мұражайлар мен театрларымен де мақтана алмаймыз. Шымкент өзінің жылы ауа райымен, дәмді тамағымен, өз қонақжайлылығымен баурап алады. Қаланың маңында көрікті жерлер бар. Бірақ, миллиондаған туристерді жыл сайын қаламызға тарту жеткілікті ме? Бұл өзімізге қойған міндет.
Біз 2000 жылдан асқан ескі қала Цитадельді қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізіп жатырмыз, отбасылық ойын-сауық саябағын салуды жоспарлап отырмыз. Бұл туризмді дамытуға ықпал етеді. Бірақ бұл жеткіліксіз.
Басқа елдердің тәжірибелеріне қарап, туризмнің жақсы дамуына қалада қызықты іс-шаралар ұйымдастыру қажет. Наурызда «Ашық аспан» фестивалі, ал өткен сенбіде «Қызғалдақ жолы» фестивалін өткіздік. Фестиваль кезінде қонақ үйлер мен кафелердің жұмысы алға басты. Шымкентте әлем жұлдыздарының концерттерін, қызықты спорт түрлерін, музыкалық шоуларын тамашалауға Нұр-Сұлтан, Алматы, Ташкент, Бішкек, Новосибирск, Екатеринбург, Челябинск қалаларының тұрғындары ниет білдіретіндей етіп ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Бұл үшін арнайы спорттық және концерттік алаңдар керек. 20 мың орындық жаңа стадион біз үшін қолайлы алаң болады.
P.S. Стадион құны шамамен $45 млн. бағаланады, ол қымбат немесе арзан ба? Қысқаша шолу жасадым. Анталиядағы жаңа стадионның құрылысы - 53, Калифорнияда - 252, Огайо - 200, Екатеринбургте - 198, Қазанда - 235, Санкт-Петербургте - 672, Ирландияда - 460, Варшавада - 570 млн., Лондонда - 1 млрд. АҚШ долл. асады.
Мен, Шымкенттік стадионның жобасын мұқият зерделеп, мүмкіндігінше арзандатуды тапсырдым"-
деп жазады ол.