Ғабит Сыздықбеков: «Шымкент атына заты сай «Жасыл қалаға» айналады»

0
517

Қала әкімінің мәліметінше, биыл үшінші мегаполисте 74 ұңғыма, 65 шақырым жаңа ирригациялық жүйелер салынды.


Ғабит Сыздықбеков: «Шымкент атына заты сай «Жасыл қалаға» айналады»

ERNUR.KZ. Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте жасыл желектер аумағын ұлғайту бойынша нақты жоспарларымен бөлісті.

– Шымкент қаласының атауы «Жасыл қала» деген ұғымды білдіреді. Алайда қалада суғару жүйесінің болмауына байланысты жасыл желек аумағы азайып, қурап кеткен. Шымқала үшін микроклиматты қалыптастыру маңызды мәселенің бірі болып тұр. Біздің басты мақсат – қаламызды атына заты сай «Жасыл қалаға» айналдыру. Бұл кешенді шараларды қажет етеді. Сондықтан барлық суғару жүйесі мен жасыл желек аумақтарына зерделеу жүргіздік, – деді қала басшысы.
Қала әкімінің мәліметінше, биыл үшінші мегаполисте 74 ұңғыма, 65 шақырым жаңа ирригациялық жүйелер салынды. Суғару жүйелерін ретке келтіру арқылы жасыл желектер аумағы ұлғаюда. Сондай-ақ қаланы көркейту жолында халықтың көкейінде жүрген бірнеше өзекті мәселенің шешімі табылуда. Атап айтқанда, қала орталығындағы «Спутник» гүлзары мемлекет иелігіне қайтарылып, демеушілер есебінен қайта салынып жатыр.