"IKomek": Шымкентте дәрігерге жазылу тәсілі жеңілдеді

0
493

Енді мегаполис тұрғындары жалпы тәжірибелік дәрігерге (терапевт) біріңғай тегін 109 нөміріне хабарласу арқылы жазыла алады.


иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкентте жалпы тәжірибелік дәрігерге жазылу тәсілі жеңілдеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

@ikomek109.shymkent және @gorzdravshymkent бірлесе, қала тұрғындарына дәрігерлерге жазылу тәсілін жеңілдетті.
Енді мегаполис тұрғындары жалпы тәжірибелік дәрігерге (терапевт) біріңғай тегін 109 нөміріне хабарласу арқылы жазыла алады.
Тіркелген емханаға барып немесе емхананың байланыс нөмірлеріне хабарласпай-ақ, iKomek 109 Шымкенторталығымен байланыссаңыз болады. Орталық қызметкерлері тез арада сізді өзіңіз бекітілген дәрігерге жазып береді.
Естеріңізге сала кетейік, әрбір қала тұрғыны төменде көрсетілген әдістер арқылы өз өтінішін қалдыра алады:
1. Бірыңғай ТЕГІН 109 нөміріне қоңырау шалу;
2. WhatsApp +7 (777) 710-91-09 нөміріне жазу;
3. Instagram парақшасында жекеге жазу;
4. Facebook: IKomek Shymkent
5. @shymkentonlinekz_bot TELEGRAM-bot арқылы өтініш қалдыру.