Пікірсайыс Шымкент қаласы Еңбекші ауданына қарасты жастар арасында өткізілді.
Шымкент қаласында жастар арасында «Интернет кітапты алмастыра алады ма?» тақырыбында пікірсайыс өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Аталған іс-шара Шымкент қаласы Еңбекші аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен өткізілді.
Сайыстың мақсаты - жастарға ғаламтордың пайдасы мен зияны жайлы айту. Сондай-ақ түрлі кітаптар жайында мағлұматтар бере отырып, қажетті білімді кітаптан алып, жастарды кітап оқуға шақыру.
Пікірсайыс Шымкент қаласы Еңбекші ауданына қарасты жастар арасында өткізілді.