​«Қауіпсіз жол»: Шымкентте мас халде көлік басқарған 20 адам анықталды

0
1 322

9 күнде 10182 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, 223 автокөлік айыптұраққа қойылды.


​«Қауіпсіз жол»: Шымкентте мас халде көлік басқарған 20 адам анықталды

Шымкент қаласында «Қауіпсіз жол» іс-шарасы барысында мас халде көлік басқарған 20 адам анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Шымкент ҚПД ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің қызметкерлерімен ағымдағы жылдың 19-шілдесінен бастап «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.
Аталған щараның мақсаты - қала аумағында жол-көлік оқиғаларының алдын алу.
Осы орайда, Шымкент қаласы бойынша іс-шараның 9 күнінде 10182 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, 223 автокөлік айыптұраққа қойылды.
Атап айтқанда тиісті рұқсатынсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқарған – 88, техникалық байқаудан өтпеген – 239, темір тұлпар тізгінінде ұялы телефон пайдаланған – 438, бағдаршамның тыйым салынған сигналына өтіп кеткен – 152, жаяу жүргіншіге басымдық бермеген – 132, авариялық жағдай туындатқан – 21 тұлғаға хаттама толтырды.
Жол үстінде қауіпсіздік белдігін тақпаған – 1495, басып озу немесе маневр жасау тәртібін бұзған – 163, қозғалыстың қарсы жолағына шыққан – 16, темір жол өтпелерінен өту қағидаларын бұзған – 43, көлік құралын мас күйде басқарған – 20, заңсыз жолаушы тасымалдаған – 1796, күңгірттеу – 486, сақтандыру заңнамасын бұзған – 269, мемлекеттік тіркеу белгісі жоқ – 11, жол белгілерінің талаптарын орындамаған – 1584, көлік құралын құжатсыз басқарған 77 жүргізуші анықталды.
Сондай-ақ, жаяу жүргіншілер жолағынан емес, кез келген жерден жолды кесіп өтпек болып, апат тудыруға себепкер болуы мүмкін дегендер саны да аз емес. Өзге де құқық бұзушылықтар бойынша – 4261 хаттама толтырылған.
Мемлекеттік техникалық байқаудан өтпегендерге көлік құралын басқаруы үшін қайтадан тексерістен өтуі керектігі түсіндірілді.

Айта кетейік, 2022 жылғы 25-31 шілде аралығында Шымкент қаласы Полиция департаменті Жедел басқару орталығының «102» арнасына 8756 әр түрлі сипаттағы қоңыраулар шалынған. Бір апта ішінде бейнебақылау камераларының көмегімен 7 қылмыс ашылған.