Тұрмыстық зорлық-зомбылық пандемия уақытында шектен тыс көп тіркелген.
Шымкент қаласында «Зорлық-зомбылықты оны хабарлаумен тоқтата аламыз» атты конференция өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бүгін Шымкент қаласы «Отырар-TV» баспасөз орталығында НеМолчиKZ (ЖасырмаKZ) қозғалысының өңірлік конференциясы өтті. Конференция Дина Смаилова, Алмат Мухамеджанов, Данияр Жиенбаев, Гульжан Вероцкая, Алиса Масалёва сынды тұлғалардың бастамасымен өтті.
Конференцияның басты мақсаты - отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу. Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл әрекеттерін ұйымдастыру. Сонымен қатар әйелдер мен балалардың құқығын қорғау мәселесі де қаралды.
Конференция барысында қатысушылар тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы осы уақытқа дейін атқарылған жұмыстарымен таныстырып өтті. Сондай-ақ болашақта жасалатын жұмыстарын да көпшілік назарына ұсынды.
Конференцияда қоғамшылдар ҮЕҰ тобы мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың атына ресми мәлімдеме жасағанын да атап өтті. Сонымен қатар бұл мәлімдеме Адам құқығы бойынша уәкілетті Э.А.Азимоваға да жолданады.
Спикерлердің айтуынша, отбасы-тұрмыстық аясындағы зорлық-зомбылыққа ұшыраған немесе алдын алу үшін анонимді онлайн-сауалнама ұйымдастырылады. Сауалнаманың нәтижесі 2021 жылдың 8 наурызында жарияланады.
Дина Смаилованың айтуы бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылықтың пандемия уақытында шектен тыс тіркелгенін атап өтті. Мамандардың айтуынша бұл жағдайдың себебі, карантин уақытында жұмыссыздықтың белең алуы, осындай нәтижеге жеткізді деп тұжырымдайды.
Айта кетейік #НеМолчиKZ Қоғамдық қорының Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі филалы құрылып, директоры қызметіне білікті заңгер Данияр Жиенбаев тағайындалды.