«Халық қатысатын бюджет»: Шымкентте балалар ойын алаңшасы ашылды

0
1 067

Ашылу салтанатына Еңбекші аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жайшибеков Зұлпухар Сарсенбайұлы қатысты.


«Халық қатысатын бюджет»: Шымкентте балалар ойын алаңшасы ашылды

Шымкентте аулалар жаңартылып, қолайлы орта қалыптасып келеді. Оның ішінде «Халық қатысатын бюджет» жобасы табысты іске асуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгін Еңбекші ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Сайрам көшесінің бойында орналасқан №165 көпқабатты үйдің ауласын абаттандыру нысаны және балалар ойын алаңшасы ашылды.
Ашылу салтанатына Еңбекші аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жайшибеков Зұлпухар Сарсенбайұлы қатысып, тұрғындарды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 30 жыл мерекесімен құттықтады.
Көпқабатты үйлердің тұрғындары аулаларының абаттандырылып, балалар алаңшалары бой көтергеніне ризашылығын білдіруде.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Еңбекші ауданында 2021 жылы «Халық қатысатын бюджет» жобасының аясында көпқабатты 41 үйдің аулалары абаттандырылып, балалар ойын алаңшалары жаңартылуда.
Ауданда бүгінгі таңда 24 үйдің ауласында абаттандыру жұмыстары аяқталып, тұрғындардың игілігіне тапсырылды. Одан бөлек, жыл соңына дейін 17 көпқабатты үйлердің ауласындағы абаттандыру жұмыстары толығымен аяқталады.