Шымкент қаласында "Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері" ұлттық жобасының орындалуы бірнеше маңызды бағыттарды қамтиды, оның ішінде тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, инфрақұрылым және әлеуметтік нысандарды дамытуға басты назар аударылады.
Тұрғын үй және коммуналдық шаруашылықты дамыту: Шымкент қаласының даму жоспарына сәйкес, қаланы инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында бүгін қарқынды жұмыстар атқарылып, жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Атап айтар болсақ, үшінші мегаполистегі 81 елді мекеннің 80-і сапалы ауыз сумен қамтылып, бүгінде 37 мыңға жуық тұрғын ауыз су жүйесіне қосылған. Нәтижелі жұмыстардың қорытындысына сәйкес, елді мекендерді ауыз сумен қамту деңгейі 98,5%-дан 99%-ға артқанын хабарланды.
Қарқынды атқарылған шаруалар нәтижесінде биылғы жылдың соңына дейін қаланың ауыз сумен қамтылмаған қалған елді мекендерін толық ауыз сумен қамту күн тәртібіндегі басты мақсат болып отыр. Жыл соңында Шымкент қаласын толықтай ауыз сумен қамту деңгейі 100% болатынына сенім зор болып отыр.
Әлеуметтік инфрақұрылымды жақсарту: Жоба аясында мектептер, ауруханалар, спорт кешендері және мәдени орталықтар сияқты әлеуметтік нысандарды салу және жаңарту жүзеге асуда. Бұл халықтың өмір сүру жағдайын жақсартып, жастарды ауылдық және шағын қалаларда қалдыруға ынталандырады
Экономикалық және өндірістік даму: Өңірлерде шағын және орта бизнесті қолдау арқылы жаңа жұмыс орындары ашылуда. Шымкентте жаңа өндіріс орындарын ашу және инвестиция тарту белсенді жүргізілуде, бұл экономикалық әлеуетті арттыруға бағытталған.
Көлік және логистика: Жоба шеңберінде көлік инфрақұрылымын жақсарту және жолдарды жаңарту да қарастырылған. Шымкенттің стратегиялық орналасуы және көлік қатынасын дамыту аймақтардың экономикалық белсенділігін арттыруға ықпал етеді.
Айта кету керек, бұл жобаның жалпы мақсаты — халықтың өмір сапасын арттыру, экономикалық белсенділікті жоғарылату және инфрақұрылымды дамыту арқылы өңірлердің әлеуметтік-экономикалық тепе-теңдігін қамтамасыз ету.