Мегаполис тұрғындарының 10%-ға жуығы сапасыз электр желісін пайдаланып жүр

0
889

Шымкент қалалық Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары өткен жылды қорытындылады.


Мегаполис тұрғындарының 10%-ға жуығы сапасыз электр желісін пайдаланып жүр

Шымкент қаласында өткен жылы ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша 4 нысанның құрылыс жұмысы аяқталған, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бүгінде мегаполис тұрғындарының 93 %-ы ауыз сумен толық қамтамасыз етілген. Яғни 961,134 мың адам (63 шағын аудан) ауыз суды тәулік бойы тұрақты түрде тұтынуда.

Калған 7% суды кестемен, ұңғыма және құдық арқылы пайдалануда. Олар: Солтүстік саяжай, Ынтымақ-2, Жаңа Тұрлан, Ақжар, Айкөл, Асар-2, Ақтас-2, Тұран және Абдулабад, Тұрдыабад, Өтеміс, Шапырашты, Базарқақпа, Жаңаталап, Игілік, Көкбұлақ, Тәуелсіздікке 20 жыл, Қызылжар елдімекенінің тұрғындары. Бұл туралы қалалық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Жаманкөз мәлімдеді.

"Жалпы ауыз су жүйесінің ұзындығы – 4782,2 км құраса, оның ішінде «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің меншігінде – 1 882,2 км, коммуналдық меншікте – 2900 км. 2019 жылы 4 нысанның құрылысы аяқталды. Олардың жалпы құны 3114,6 млн.теңгені құрады", - деді Нұрлан Жаманкөзов.


Шымкент қаласының кәріз жүйесімен қамтамасыз етілу деңгейі 50 %-ға жетпейді.

2019 жылы Қайтпас-1 ш/а Тузельбаева көшесіне кәріз құбыры тартылып, құрылыс жұмыстары толық аяқталған. Оның құны 9,084 млн.тг. құраған.

"Бас жоспарға сәйкес қала аумағында 2 кәріз тазалау имаратының құрылысын жүргізу жоспарға қойылған. Қазіргі таңда, жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі толығымен әзірленді. Сараптама қорытындысы – 15.03.2020 ж. алынып, жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге қаржы бөлуге бюджеттік өтінім беріледі", - деді басқарма басшысының орынбасары.

Ал қаланың сапалы электр қуатымен қамтылуы 91,2% құрап отыр. Қалған тұрғындардың 8,8%-ы сапасы төмен немесе құрылыс жұмыстарын талап ететін электр желілерін пайдалануда.

2019 жылы жалпы құны 1066,9 млн. тнг. құрайтын 3 нысанның құрылысы аяқталып, нәтижесінде, 3634 тұрғын үй сапалы электр қуатымен қамтамасыз етілген. Қамту көрсеткіші 91,2% - дан 93%-ға көтеріліп, 2 %-ға артып отыр.

2019 жылы түнгі жарықтандыру жұмыстарын күтіп баптауға және қосымша жұмыстар атқаруға 1 492,8 млн. теңге қаралған. Күтіп ұстау жұмыстарын атқаруға - 309,7 млн. теңге, электр желілерін жер астымен жүргізуге - 527,2 млн. теңге.

"Қазіргі таңда Шымкент қаласы бойынша жергілікті маңызы бар, асфальт қабаты төселген жарықтандыру жүйесімен қамтылатын 943,12 шақырым көшелердің 433,52 шақырымын құрайтын 176 көше,8 саябақтар мен 37 гүлзарларда және 1026 көпқабатты тұрғын үй аулаларында 40684 дана түнгі жарықтандыру шамдарына күтім көрсетілуде." - деді Нұрлан Жаманкөзов.