Қабылдау 2019 жылы 17 қаңтар күні, сағат 15:00-17:00 аралығында өтеді.
Мемлекеттік инспектор шымкенттіктермен кездеседі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы Егемберді Ерғали Қуандықұлы 2019 жылы 17 қаңтар күні, сағат 15:00-17:00 аралығында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды.
Қабылдау Шымкент қ. Астана даңғылы, 10 (қала әкімдігі ғимаратының бірінші қабаты) мекен-жайы бойынша өткізіледі.
Жеке қабылдауға жазылу төмендегі байланыс нөмірі арқылы жүргізіледі:
+7-(7252)-24-71-30.
дереккөз: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі