Мемлекеттік қызметшілер 8 сағаттан артық жұмыста болса жауапқа тартылады

0
1 378

Алдағы уақытта, мемлекеттік қызметшілер негізсіз үстеме жұмысқа тартылған болса, аталған мекеме басшысының есебі Әдеп жөніндегі кеңестің отырыстарында қаралуы мүмкін.


Мемлекеттік қызметшілер 8 сағаттан артық жұмыста болса жауапқа тартылады

Мемлекеттік қызметшілер 8 сағаттан артық жұмыста болса жауапқа тартылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті өкілдерінің қатысуымен атқарылған және жоспарланған жұмыстар бойынша өткен баспасөз брифингінде мәлімделді.

Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі және Премьер-Министр Кеңсесі, Мемлекеттік қызмет істер агенттігі мемлекеттік қызметшілердің үстеме жұмыс жасауға жол бермеу және мемлекеттік қызметте икемді жұмыс кестесін енгізудің мақсаттылығын қарастыру бойынша пәрменді шаралар қабылдау тапсырылған болатын.

Айта кетсек, мемлекеттік қызметшілерді «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 32-бабының 4-тармағында қаралған тәртіппен ғана тарту көзделіп, үстеме жұмыс жасағаны үшін заңнамаға сай демалыс күндері (сағаттары) берілуі, өтемақы төленуі қаралған.

Осы орайда, Департамент қызметкерлері жергілікті мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызметшілердің жұмыстан тыс уақытта жұмыс орнында негізсіз қалулары бойынша кешенді жұмыстар жүргізуде.

"Жуырда Департамент қызметкерлері Шымкент қаласы әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілінің және әкім аппаратының жауапты қызметшілерінің қатысуымен Шымкент қаласы әкімі аппараты, Әл-Фараби аудандық әкім аппараты және 15 құрылымдық басқармасының мемлекеттік қызметшілерінің белгіленген жұмыс уақытынан артық жұмыс жасау деректерін жою, мемлекеттік қызметшілерінің еңбек тәртібінің сақталуына, жұмыстан тыс уақытта жұмыс орнында негізсіз қалуларына профилактикалық іс-шарасын жүргізді"- деді Әли Көмекбаев.

Сондай-ақ, Департамент көрсетілген іс-шараларды қаланың басқа да мемлекеттік органдарында жүргізілуін жоспарлап отыр.

Алдағы уақытта, мемлекеттік қызметшілер негізсіз үстеме жұмысқа тартылған болса, аталған мекеме басшысының есебі Әдеп жөніндегі кеңестің отырыстарында қаралуы мүмкін.

Бұдан бөлек, мемлекеттік органдарында «икемді жұмыс кестесін» енгізу мәселелері қаралуда.

Бүгінде, қала аумағындағы 4 мемлекеттік органда «икемді жұмыс кестесі» енгізілген. Алдағы уақытта көрсетілген бағытта жұмыстар жалғастырылады.