Мұрат Әйтенов ардагерлермен кездесті

0
540

Жыл басындағы дәстүрлі жүздесуде өткен жылғы жасалған жұмыстарды саралады.


Мұрат Әйтенов ардагерлермен кездесті

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов ардагерлермен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жыл басындағы дәстүрлі жүздесуде өткен жылғы жасалған жұмыстарды саралады. Халықтың әл-ауқатын арттыруды, тұрмыс-тіршілігін түзетуді көздейтін алдағы атқарылар жобалар мен жоспарларды айтты.

«Біз қашанда «үлкенге құрмет, кішіге ізет» көрсеткен халықпыз. Елдігіміздің ұйытқысы болған аға буын өкілдерінің орны айрықша. Осында отырған әрқайсыңыз құрметке лайықсыздар, қаламыздың өркендеуіне қосқан үлестеріңіз үшін алғыс білдіремін. Қаламыз жылдан жылға көркейіп, еліміздегі ірі мегаполиске айналды. Ендігі жерде қаламызды одан әрі дамытып, тұрғындарға ыңғайлы жағдай жасау ол біздің міндет. Алға қойған жоспарлы межені орындап, осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыра береміз», - деді М.Әйтенов.
Биылғы жыл Тәуелсіздігіміздің тарихында алғаш рет қасіретті оқиғамен басталғанын айтып - пандемия тұсында қысыл таяң сәтте болған қанды оқиға барлығымызды есеңкіретіп тастады. Бүкіл әлем алдында тәуелсіздігіміз бен елдігіміз сынға түсті. Дегенмен ел болып дер кезінде Мемлекет басшысының жанына ұйыса білдік. Ендігі уақытта мұндай қасіретті оқиға болмасын деп тілегін жеткізді.

Жиынға келген әр ауданның ардагер тұрғындары да өскелең ұрпаққа мұра етіп қалдырар тәуелсіздігімізді тұғырлы ету жолында бірлесе жұмыс жасауға әрқашан дайын екендіктерін жеткізді. Жұмыстың қай бағытта ақсап жатқанын айтып, пікірлерімен бөлісті.