Мұрат Әйтенов елді мекендерде жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты

0
340

Қала әкімі тоқсан сайын тұрақты кездесулер өткізуде.


Мұрат Әйтенов елді мекендерде жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Еңбекші ауданындағы жаңақұрылыс аумағында орналасқан елді мекендерде жүргізіліп жатқан инфрақұрылым нысандары жұмыс барысын тексеріп, тұрғындармен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазіргі таңда электр қуатымен қамту жұмыстардың 90%-ы атқарылған. Қыркүйек айының соңында «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС тарапынан абоненттеу жұмысы жүргізілмек. Нәтижесінде, Қаратөбе, Қарабастау, Абдулабад, Тоғыс, Жұлдыз, Бадам-1, Жыланбұзған, Айнатас, Базарқақпа елді мекендеріндегі

1 729 абонент сапалы электр қуатымен қамтылатын болады.

Шаһарда қазіргі таңда, электрмен қамту деңгейі 97%-ды құрайды. Қаладағы 81 елді мекеннің 73-і сапалы электрмен қамтылған. Ал қалған 8 елді мекенде электр қуаты сапасыз. Өткен жылы қалада «Бозарық» 220 КВ мен«1-М-1» 110КВ электр тарату станциясы және 7 елді мекенде құрылыс аяқталып, пайдалануға берілген болатын.
Ауыз су құбырлары жүйесін орнату жұмыстары 11%-ға орындалған. Нысан 2023 жылы аяқталмақ.

Аталған елді мекендерді табиғи газбен қамту бойынша жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде.

Қала басшысы абоненттеу жұмыстары барысында тұрғындардың жұмыла әрекет жасау керектігін атап өтіп, сала басшыларына бұл істі тиімді ұйымдастыруды тапсырды.

Айта кетейік, биылғы жылдан бастап Президент Жарлығына сәйкес әкімдердің халықпен кездесуі жаңа форматқа көшті. Осыған сәйкес қала әкімі тоқсан сайын тұрақты кездесулер өткізуде. Осы ретте Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов 2022 жылдың I жарты жылдығында тұрғын алаптар мен шағын аудандарды аралап, 84 кездесу өткізді. Тұрғындардан 874 ұсыныс-пікір түсіп, оның 374-і орындалды, 316-ы жыл соңына дейін орындалуы жоспарда. Ал, 184 мәселе ұзақ-мерзімді қажет ететіндіктен 2023-2025 жылдардың жоспарына енгізілген. Сонымен қатар, әрбір ауданнан қоғамдық бақылау кеңестері құрылып, әр сенбі сайын тапсырмалардың орындалуы талқыланып келді.