Алдағы уақытта қос тарап сауда-экономикалық және мәдени байланыстарды күшейтуге уағдаласты.
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Қазақстан Корейлер Қауымдастығының өкілдерін қабылдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Кездесу барысында Корея Республикасы мен Шымкент қаласы арасындағы өзара ынтымақтастық, мәдени және этносаралық байланыстарды нығайту мәселелері талқыланды.
Президенттің тапсырмасы бойынша биыл сәуір айында елімізде іске асырылып жатқан барлық инвестициялық жобалардың бірыңғай пулы қалыптастырылды. Аталған пул тоқсан сайынғы негізде жаңартылып, министрліктер мен әкімдіктердің сайттарында жарияланды.
Көптеген жобаларды іске асыру 2025-2026 жылдарға дейінгі кезеңдерді қамтиды.
Айта кетейік, былтыр маусым айында өткен Үкімет отырысында Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов 2022 жылдың 5 айында қала экономикасына 131,1 млрд теңге инвестиция тартылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 29%-ға ұлғайғандығын, жыл соңына дейін 538 млрд теңге инвестиция тарту жоспарланып отырғандығын және 2021 жылмен салыстырғанда 16%-ға артатындығын баяндаған болатын.
«Жалпы, 2022-2025 жылдары қалада жүзеге асырылатын құны 2,6 трлн теңгені құрайтын 242 инвестициялық жобалар пулы қалыптастырылды. Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібі саласында құны 550 млрд теңгені құрайтын 45 жоба іске асырылады», — деді Мұрат Әйтенов.
Өз кезегінде Инвесторларды тартуда Шымкент қаласының әкімдігі тарапынан жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Осы мақсатта қос тарап сауда-экономикалық және мәдени байланыстарды күшейтуге уағдаласты.