Мұрат Әйтенов су тасқынының алдын алу бойынша бірқатар тапсырмалар берді

0
540

Қала басшысы су алу қаупі бар аймақтардағы жұмыстарды күшейтуді жүктеді.


Мұрат Әйтенов су тасқынының алдын алу бойынша бірқатар тапсырмалар берді

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Ә.Смайыловтың төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Селекторлық жиынға Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов, орынбасарлары мен басқарма басшылары қатысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Күн тәртібіне сәйкес отырыста салалық министрлер елдегі эпидемиологиялық ахуал мен вакцинациялау жайын, су тасқынына қарсы атқарылатын жұмыстарды баяндады.
Үкімет отырысынан соң қала басшысы жауапты сала жетекшілеріне коронавирусқа қарсы вакциналау мен ревакциналау шарасын күшейтуді тапсырып, қалада эпидемиологиялық ахуал тұрақталса да санитарлық талаптардың сақталуын қатаң бақылауға алуды айтты.
Сонымен бірге, әкім су тасқынының алдын алу бойынша салалық басқармалар мен аудан әкімдеріне бірқатар нақты тапсырма берді. Қала басшысы қашыртқы арықтар мен каналдарды қоқыстан тазарту жұмыстарына аса мән беруді және су алу қаупі бар аймақтардағы жұмыстарды күшейтуді жүктеді.