Мұрат Әйтенов Таиланд Корольдігінің Қазақстандағы елшісімен кездесті

0
561

Тараптар кездесу барысында қалалалар арасындағы байланысты нығайтудағы өзекті мәселелердің шешімін талқылады.


Мұрат Әйтенов Таиланд Корольдігінің Қазақстандағы елшісімен кездесті

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Таиланд Корольдігінің Қазақстандағы Елшісі Чатчаван Сакорнсинмен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Тараптар ортақ қатынастарды дамыту үшін бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру тетіктерін талқылады. Екі елдің инвестициялық әлеуеті бойынша ақпарат алмасып, достық қатынастарды нығайтудағы іс-шараларды жүйелі ұйымдастыруды қарастырды.

“Қаламыздың Орталық Азияда инвестициялар, технологиялар мен зияткерлік ресурстарды тартуда мүмкіндігі зор. Біз шетелдік инвесторларды тарту мақсатында қала аумағында өнеркәсіп алаңдарын құруға ерекше назар аударып келеміз. Мемлекеттік қолдау шаралары аясында біз Тай капиталының қатысуымен жобаларды жүзеге асыруды сүйемелдеуге дайынбыз” – деді қала әкімі.
Қазақстан-Таиланд арасындағы дипломатиялық қатынастар ел тәуелсіздігін алған жылдардан басталған. Ынтымақтастық көрсеткіштерінің бірі - қалалар арасында тығыз байланыс орнату. Таиландтың әлемге әйгілі туристік бағыты Паттайя мен Шымкент - бауырлас қалалар.
Тараптар кездесу барысында қалалалар арасындағы байланысты нығайтудағы өзекті мәселелердің шешімін талқылады. Сондай-ақ, алдағы уақытта тек туризм, мәдениет салаларында ғана емес, сауда-саттық, білім, денсаулық сақтау бағыттарында да бірлескен жобаларды қолға алуды қарастырды.

Еске сала кетейік, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов коммуналдық қалдықтарды өңдеумен айналысатын кәсіпорын жобасын ұсынған China Railway Construction Corporation қытай компаниясының өкілдерімен де кездескен болатын. Инвесторлар қалдықтарды қайта өңдеу арқылы синтез-газ шығаруды көздейді. Қазір қытайлық, испаниялық, германиялық инвесторлар мен отандық компаниялар осы бағытта түрлі ұсыныстарын білдіруде. Мұрат Дүйсенбекұлы холдинг өкілдеріне мегаполис ерекшеліктерін ескере отырып, қалдықтарды сұрыптау бағытын қарастыруды ұсынды. Компания бір ай ішінде қала аумағында қалдықтарды жою бойынша талдау жұмыстарын жүргізіп, жобаларын пысықтайды. Сондай-ақ, тараптар көлік инфрақұрылымын дамытуға инвестиция тарту мәселесін де қарастырды.