Мұрат Әйтенов "Тұран" шағынауданындағы құрылыс нысанын аралады

0
485

Тұран шағынауданда көпқабатты 88 үй салу жоспарланған.


Мұрат Әйтенов

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Тұран шағынауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің құрылыс барысын аралап көрді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Тұран шағынауданда көпқабатты 88 үй салу жоспарланған. Пәтерлердің жалпы ауданы – 335 мың шаршы метр.
Жоба құны 89,0 млрд теңгені құрайтын тұрғын үйлер құрылысын 2020-2022 жылдары жүзеге асыру жоспарланған болатын. Жалпы «5-10-20» Шаңырақ бағдарламасы бойынша 27 үй, «7-20-25» бағдарламасы бойынша 11 үй, «Отбасы Банк» АҚ бойынша 38 үй, арендалық бағытта 12 үй пайдалануға беріледі.
Қала әкімі жауапты мердігер мекеме басшыларына құрылысты сапалы орындап, тиісті мерзімде аяқтауды тапсырды.
Аталған шағынауданда көпқабатты тұрғын үйлер құрылысы кезең-кезеңімен жүргізілуде. Атап айтқанда, 2020 жылы 27 үй (1728 пәтер), 2021 жылы 29 үй (1880 пәтер), 2022 жылы 32 үйдің (1968 пәтер) құрылысы аяқталып, тұрғындар игілігіне беріледі.