Жиын барысында мекеме өкілдері қазіргі жұмыс барысы және төтенше жағдайлардың алдын алу дайындығы туралы баяндады.
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов жылумен қамтамасыз ететін мекеме басшыларымен арнайы жиын өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Жиын барысында «3-Энергоорталық» АҚ, «Қуатжылуорталық-3» МКК, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС, «КЕГОК» АҚ Оңтүстік Филиалы, «КазТрансГаз Аймақ» АҚ ШӨФ мекеме өкілдері жылу беру маусымына орай, қазіргі жұмыс барысы және төтенше жағдайлардың алдын алу дайындығы туралы баяндады.
Шаһар басшысы баяндамаларды жеке-жеке тыңдап, олқылықтар мен төтенше жағдайлардың болуы мүмкін қауіптерін анықтап, тез арада алдын алу шараларына кірісудің алгоритмін пысықтауды тапсырды. Күрделі құрылғылар мен жалпы жүйенің техникалық жағдайына қатысты ақпараттардың ашық және дер кезінде ұсынылудың аса маңызды екенін атап өтіп, қаланы жылумен қамтамасыз ету бағытындағы жалпы жүйенің жыл сайын тексерулерден өтуі мен жаңартылып отыруын, сервистік жұмыстардың сапалы атқарылуын қатаң бақылауға алынуын жүктеді.