Нәрестеге ыстық сумен клизма: Шымкенттің әкімі аурухананың бас дәрігеріне сөгіс жариялады

0
1 666

Шымкентте өткен баспасөз жиынында ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Ж.Бекшин нәрестеге ыстық сумен клизма жасаған медбикенің тәжірибесі аз болғандығын ​мәлімдеген болатын.


Нәрестеге ыстық сумен клизма: Шымкенттің әкімі аурухананың бас дәрігеріне сөгіс жариялады
Шымкент қаласында клизмадан кейін күйіп қалған балаға қатысты аурухананың бас дәрігеріне тәртіптік жаза қолданылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың тапсырмасы бойынша денсаулық сақтау басқармасы басшысының бұйрығымен қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Амангелді Нұрлыбаевқа сөгіс жарияланды" деп хабарлады Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Шымкент қаласының жұқпары аурулар ауруханасында медбике 1 жасқа толмаған нәрестеге қайнаған сумен клизма жасап күйдіргені жарияланған еді.

Содан кейін 10 айлық нәрестеге ыстық сумен клизма жасаған медбике жұмыстан шеттетіліп, аталған аурухананың бас дәрігеріне 113 625 теңге айыппұл салынған болатын.

А бүгін Шымкентте өткен баспасөз жиынында ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Ж.Бекшин нәрестеге ыстық сумен клизма жасаған медбикенің тәжірибесі аз болғандығын мәлімдеген болатын.