НАШАҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ ЖИТС: Шымкентте жастармен кездесу өтті

0
526

Мақсаты - салауатты өмір салтын ұстануға шақыру.


НАШАҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ ЖИТС: Шымкентте жастармен кездесу өтті

Шымкент қаласында Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің жастарына «Нашақорлық және АИТВ/ЖИТС–тің алдын алу» мақсатында кездесу өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Кездесуге ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық маманы Жүргенбаева Назира, Шымкент қаласы Психикалық денсаулық сақтау орталығының психиатор-наркологы Садыкова Майра және Шымкент қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндігі аға жедел уәкілі, полиция майоры Қарбеков Бауыржан қатысты.

Кездесу барысында ЖИТС орталығының қызметкері кәмелетке толмағандар жастар арасында нашақорлық, АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу мәселелері жайында толыққанды мағлұмат берді.
Сала мамандары нашақорлық індеті жер бетінде миллиондаған адамның өмірін жалмап жатқанын және аталған індеттің шекараны, жасты, нәсілді талғамайтынына тоқталды. Сонымен қатар, есірткіден бойды аулақ салу мен салауатты өмір сүру салтын ұстанудың маңызды екендігін жеткізді.
Бұл ғасыр індеті туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында да айтқан болатын. Онда есірткінің, оның ішінде синтетикалық есірткінің таралуы болашақ ұрпақтың әл-ауқатына қауіп төндіретінін атап өтті.
-Есірткісіз қоғам құру – Қазақстанның әрбір азаматының алдындағы міндет. Есірткіні қолданатындардың әлеуметтік сипаты да өзгерді, бүгінгі күнге олардың қатарын орташа және тіпті жақсы қамтамасыздандырылған отбасылардың балалары толтырып отыр. Осы орайда аса қажетті шара бұл заңнаманы күшейту. Халықаралық тәжірибе бүгінгі күні есірткімен күресуде қылмыстық шараларды қатаң қолдануды талап етеді. Бүгінгі күні біздің елімізде осы есірткі мәселесі жайлы толғанбайтын адам қалмаған болар. Әсіресе, қазіргі кезде жастар мен жеткіншектер арасындағы есірткі мәселесі аса күрделі мәселе болып отыр», - деді Президент.