"New City", "Shymkent Green City", "Қазығұрт" - Шымкентте жаңа тұрғынүй кешендері салынып жатыр

0
3 604

Алғашқы үй биылғы күзде дайын болады


«Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ Шымкентте «7-20-25» бағдарламасымен жаңа тұрғын үйлер салуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Биыл Шымкентте жалпы ауданы 64 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланып отыр. Бағдарламаға қатысу үшін «Shymkent» ӘКК» АҚ «Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ-нан 10 млрд теңге несие алды.
Алғашқы үй биылғы күзде дайын болады, ал үйдің әр шаршы метрінің бағасы 200 мыңнан 220 мың теңге аралығында болады.

Қазіргі уақытта Тұран шағынауданында жалпы ауданы 30 406 ш.м. 8 үй, ал Асар-2 шағынауданындағы жалпы ауданы 17 977 ш.м 10 үй салынуда.

Бұл үйлер 2019 жылдың қазан-қараша айларында пайдалануға беріледі деп күтілуде. Бұған қоса Қаратау ауданында 6 үйдің құрылысы жүруде.

Нақтырақ айта кетсек (фотода солдан оңға қарай):

1. "Shymkent Green City" тұрғын үй кешені – берілу мерзімі 2020 жылғы желтоқсан.
2. "New City" тұрғын үй кешені - берілу мерзімі 2019 жылғы қараша.
3. "Қазығұрт" тұрғын үй кешені - берілу мерзімі 2020 жылғы тамыз.
4. "Тұран" тұрғын үй кешені - берілу мерзімі 2019 жылғы қараша.