"Нұрлы көш": Шымкентте 600-ден астам азамат ипотекалық несие рәсімдеді

0
845

Пилоттық жобаға енген 975 тұрғын үй Асар шағын ауданында орналасқан.


иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкентте "Нұрлы көш" пилоттық бағдарламасы аясында 613 азамат “Отбасы банк” арқылы ипотекалық несие рәсімдеп, бағдарламаның талабында көрсетілген шарттарды орындауда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Пилоттық жобаға енген 975 тұрғын үй Асар шағын ауданында орналасқан.
Бұл үйлер 2010-2012 жылдары аталған бағдарлама шеңберінде Өзбекстан елінен көшіп келген қандастарға сатып алу құқығымен 8 жылға жалға берілген болатын. Енді тұрғындар «Нұрлы көш» пилоттық бағдарламасы аясындағы баспаналарды банк арқылы несиелік негізде рәсімдеулері қажет. Осыған байланысты арнайы жоспар бекітілген.
Осыны негізге ала отырып, «Отбасы банк» АҚ ШҚФ Қаратау ауданы әкімі аппараты, «Ел-Аманаты» қоғамдық бірлестігімен бірлесе тиісті жұмыстарды ары қарай жалғастыра бермек.