«Өмірді сақта»: Шымкент гарнизонында құқықбұзушылық бойынша профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді

0
464

"​Әскеріміз заңдылықтың, парасаттылықтың, тәртіп пен тазалықтың айқын бейнесі болуы керек"


«Өмірді сақта»: Шымкент гарнизонында құқықбұзушылық бойынша профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді
ERNUR.KZ. Шымкент гарнизонының 55652 әскери бөлімінде «Өмірді сақта» құқықбұзушылық профилактикасы ведомоствааралық бірыңғай жоспары аясында әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазакстан Республикасының Кодексінің 10-тарауы жеке бастың кұқықтарына қол сұғатын әкімшілік кұқық бұзушылықтар туралы баптарына профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Әскери бөлімнің жеке құрамымен кездесуге Шымкент гарнизоны Әскери полиция бөлімі Алдын алу бөлімшесінің бастығы әділет майоры Нұрбол Үсенұлы мен майор Әділбек Хаким, Шымкент ҚПД Абай АПБ ЖПҚБ ӘЗЗҚТ инспекторы полиция майоры Гүлвира Бектемисова, Шымкент ҚПД Тұран АПБ ЖПҚБ ӘЗЗҚТ инспекторы полиция аға лейтенанты Айғаным Абай, Шымкент қаласының денсаулық сактау Басқармасының психолог-маманы Сұлтанай Усибалиева және ҚР ҚК Шымкент гарнизоны бөлімшелері бойынша ҚР ҰҚК әскери қарсы барлау бөлімінің қызметкері капитан Жанат Капасов келді.
Шараның басты мақсаты әрбір құқық бұзушылық қоғамдық, мемлекеттік немесе жеке бастың мүдделеріне залалын тигізіп, қоғамға зиянды нәтижелерге алып келетінін жеткізу болды.
Шымкент гарнизоны Әскери полиция бөлімі Алдын алу бөлімшесінің бастығы әділет майоры Нұрбол Үсенұлы өз сөзінде «қоғамға немесе азаматқа келтірілген зиян» тақырыбында нақтырақ тоқталып, оның материалдық және моральдық, өлшеулі және өлшеусіз, физикалық және рухани, қалпына келтірілетін және қалпына келтірілмейтін болатынын атап өтті.

- Айбынды әскеріміз – елдің аумақтық тұтастығы мен тәуелсіздігіне соғыс сипатындағы нақты және мүмкін болатын қол сұғу мен қауіп-қатерден еліміздің ұлттық мүддесін қорғайтын органның бірі болғандықтан, әскери қызмет, мемлекеттік қызметтің ерекше түрі болып табылады. Әр әскеридің жасаған кері қылығы, жеке оған ғана емес, барлық мемлекеттік қызметкерге кіл келтіретінін білуіміз керек. Сондықтан біздің айбынды жауынгерлеріміз – заңдылықтың, парасаттылықтың, тәртіп пен тазалықтың айқын бейнесі болуы керек, - деді Нұрбол Үсенұлы.

Бірлескен жұмыстың басты назары әскери ортада құқық бұзушылықтарды алдын алуға, оларды мүлдем жоюға бағытталған. Осындай игі іс-шаралар əскерде қылмыстылықты азайтуға және оларды алдын алуға бірқатар септігін тигізетіні анық. Кездесу барысында жеке құрамның қойған сұрақтарына қонақтар толық жауаптарын қайтарып түсіндіріп берді.