15 шілде күні Шымкентте айып тұрағына қойылған 45 автокөлік өртеніп кеткен болатын. Өртенген 45 көліктің құнын қалалық айыппұл тұрағы әкімшілігі төлейтін болды.
ERNUR.KZ. Шымкент қаласының айып автотұрағында шыққан өрт оқиғасына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Түркістан облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған оқиғаға байланысты ҚР ҚК-нің 202-бабы бойынша (Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру факті) іс қозғалды. Қазір сараптамалар тағайындалып, шығын көлемі есептеліп жатыр.Айта кетейік, 15 шілде күні Шымкентте айып тұрағына қойылған 45 автокөлік өртеніп кеткен болатын. Өртенген 45 көліктің құнын қалалық айыппұл тұрағы әкімшілігі төлейтін болды.