Аталған кездесудің мақсаты - жастарды отбасылық өмірге дайындау және дұрыс бағыт-бағдар беру.
Шымкент қаласында психолог мамандардың ұйымдастыруымен жастар мен жасөспірімдер арасында көптеп кездесулер өткізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Сондай кездесулердің бірі - «Отбасы - ұлт тірегі» тақырыбында «Samgau» жалпы білім беретін мектебінде өтті.
Аталған кездесудің мақсаты - жастарды отбасылық өмірге дайындау және дұрыс бағыт-бағдар беру.
Психологиялық жиында жастарға ең алдымен тақырып аясында ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, психологиялық кеңестер айтылды. Сондай-ақ, түрлі терапиялық ойындар ойнатылып, сергіту сәті де ұйымдастырылды.
Айта кетейік, Шымкент қаласындағы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен "Қыздар кеңесі" мектебі жобасы аясында «Ел сұлуы – қыз бала» атты психологиялық кездесу ұйымдастырылды.
Аталған жобаның мақсаты – жастар мен жасөспірімдер арасында белең алып жатқан ерте жүктіліктің алдын алу және қыз балаларға профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Кездесуге Абай аудандық Аналар кеңесінің төрайымы – Бибіфатима Хамитбекова, Шымкент қаласы бойынша тәжірибелі психолог, психотерапевт коуч практик және психологиялық кітаптардың авторы Жанат Атаева, «Медикер ЮК» медициналық орталығының гинекологы Бибігүл Пирниязова, Шымкент қаласы бойынша тәжірибелі психолог арт-терапевт, психотерапевт Асанова Салтанат және жоғары және орта арнаулы оқу орындарының психологы мен қыздар ұйымы қатысты.
Басқосу барысында аутодеструктивті мінез-құлыққа бейім жастар мен жасөспірімдердің психологиялық сауаттылығын арттыруға бағытталған көрініс көрсетілді. Сонымен қатар, психологтар өмірлік қиын жағдайға түскен жастарды әлеуметтік қоғамға тарту мәселелері айтып, инабатты қыз, ұлағатты ұл тәрбиелеу – ата-ананың да, ұстаздар қауымының да міндеті екенін айта келе, бұл бағыттағы жұмыстар ұлттық дәстүрді негізге ала отырып жүйелі жалғасатындығын жеткізді. Басқосуда ары қарай сұрақ-жауап түрінде өрбіп, жиынға қатысушылар өзекті мәселелер төңірегінде өзара пікір алмасып, ойларын ортаға салды.