Полиция бастығы: "Шымкентте қылмыс саны азайды"

0
2 144

Қылмыстардың ашылу көрсеткіштері де жақсарған.


Полиция бастығы:

Шымкентте тіркелген қылмыстар саны өткен жылмен салыстырғанда 13 % төмендеген, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы бүгін Шымкент қалалық полиция департаментінің бастығы Жұмахамбетов Ералы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте мәлімдеді.

Оның айтуынша құқықбұзушылықтың алдын алуда және қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпті сақтауда атқарылған профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде қала көлемінде тіркелген қылмыстардың саны өткен жылмен салыстырғанда 11856-дан 10314-ке яғни 13 % төмендеп, қылмыстардың ашылу пайызы 32-ден 35-ке жақсарған.
"Аса ауыр қылмыстардың саны 49-дан 27-ге, яғни 45 пайызға, адам өлтіру жайттары 20-дан 11-ге, яғни 45 пайызға, денеге ауыр дәрежеде жарақат салу бойынша 54-тен 36-ға, яғни 33 пайызға, қарақшылық қылмысы 19-дан 16-ға, яғни 16 пайызға, тонау жайты 379-дан 258-ге, яғни 32 пайызға, бұзақылық қылмыстар 418-ден 360-қа, яғни 14 пайызға, ұрлық жайты 7168-ден 6177-ге, яғни 14 пайызға, бопсалау қылмысы 21-ден 14-ке, яғни 33 пайызды құрап жақсы көрсеткіштерге қол жеткіздік",-дейді Шымкент қалалық полиция департаментінің бастығы Ералы Жұмахамбетов.