"Сенің өмірің өз қолыңда": Шымкентте жастармен семинар-тренинг өткізілді

0
1 020

Шара барысында жастардың көңіл-күйлерін көтеру мақсатында түрлі ойындар жүргізілді.


Шымкент қаласында "Сенің өмірің өз қолыңда" атты семинар-тренинг өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Іс-шара Шымкент қаласы Абай ауданы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткізілді.

Аталған шараға Мирас колледжінің студенттері қатысты.

Іс-шараның мақсаты - жастардың өмірлерін дұрыс қалыптастыра білу, дұрыстап армандай білуге бағыт-бағдар беру.

Сонымен қатар, шара барысында жастардың көңіл-күйлерін көтеру мақсатында түрлі ойындар жүргізілді.