Сергей Дворцевой: «Oskar»-ды алу үшін өте үлкен қаржы керек

0
1 498

"Айка" фильмі режиссерының айтуынша, «Oskar»-ды жеңіп алу үшін кинотуындының бюджеті миллион доллардан кем болмау керек.


Сергей Дворцевой: «Oskar»-ды алу үшін өте үлкен қаржы керек

Ресейлік кинорежиссёр Сергей Дворцевой «Айка» фильмінің не үшін «Oskar»-ды ала алмағанын түсіндірді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл жөнінде режиссёр Сергей Дворцевой, «Айканың» Шымкентте өткен тұсаукесерінде айтып өтті.

«Біз ұсынған номинацияда белгілі бір кезеңдерден өткеннен кейін «Оскарда» фильмнің жарнамасы рөл ойнайтын болады. Ол дегенің өте үлкен қаржы. Промоушыны миллион доллардан басталады. Ал, филмнің сапасы бойынша жеңіске жетуге мүмкіндік бар еді. Өйткені біздің фильм, үздіктердің бірі болатын. Бірақ, белгілі бір кезеңнен кейін қаржының рөлі көбейеді. Себебі, кино академиясының көптеген мүшелеріне көрсету үшін жарнамасы жақсы болу керек. Ақшаң аз болса, аз адам көреді. Нәтежиесінде сол көргендер ғана саған дауыс береді. Ол үшін бюджетің миллион доллардан басталады. Ал біздің бюджетіміз 40-50 мың доллардың көлемінде болды. Яғни, мұндай қаржымен жеңіске жету мүмкін емес»,- дейді Сергей Дворцевой.

Айта кетейік, жылда дәстүрлі түрде Америка кино академиясы ұйымдастыратын «Oskar» кино премиясына биыл Қазақстан атынан «Үздік шетелдік фильм» номинациясына «Айка» фильмі ұсынылған болатын. Бұл аталымға әлемнен 87 кинотуынды қатысып, қазақстандық фильм үздік тоғыздық тізімінде болған. Қазір «Айка» батыс елдеріне "Менің кішкентайым" ("My Little one") деген атаумен көрсетіліп жатыр.

Естеріңізде болса, фильм 2018 жылы өткен халықаралық 71-ші Кан фестивалінде жеңімпаз атанып, қазақстандық актриса Самал Слямова "үздік әйел рөлі" атағын жеңіп алған болатын.