«Шымкент - ТМД елінің мәдени астанасы» - ашылу салтанатында билет құны 1000 теңге болмақ

0
1 238

Халықаралық іс-шараның ашылу салтанаты 20 наурыз күні өтеді.


«Шымкент - ТМД елінің мәдени астанасы» - ашылу салтанатында билет құны 1000 теңге болмақ

2020 жылы Шымкент қаласының Тәуелсіз мемлекеттер достастығының мәдени астанасы атануына орай атқарылатын іс-шаралар бойынша жоспарланған баспасөз брифингі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Шымкент қалалық Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Р. Мыңбаев «Шымкент 2020 – ТМД елдерінің мәдени астанасы» жылы аясында ТМД елдері арасындағы байланыстар мен достықты нығайту, мәдениет пен өнерді әлемге таныту мақсатында өтетін шаралармен таныстырды.

«Тәуелсіз мемлекеттер достастығының астанасы» статусын ресми тапсыру салтанаты және ашылу рәсімі мерекелік Гала-концерт 20 наурыз күні Қажымұқан атындағы орталық стадионында өткізу жоспарлануда. Тарихи сәтке куә боламын деуші қала тұрғындар аталмыш үлкен шараға қатыса алады. Билет құны 1000 теңгені құрайды. Салтанатты іс-шараның концерттік бағдарламасына 800-ге жуық Шымкент қаласының өнерпаздары және Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен ТМД елдерінен 300-ден астам өнерпаз қатыспақ.

Мәдениет пен өнерді әлемге таныту мақсатында 34 халықаралық іс-шаралар өткізу жоспарлануда.

"Салтанатты іс-шараның концерттік бағдарламасына 800-ге жуық Шымкент қаласының өнерпаздары мен ТМД елдерінен 200 өнерпаз қатысады. Ашылу салтанатына 18 мыңнан астам қала тұрғындары мен ТМД елдерінен және республика бойынша мәртебелі қонақтары келеді деп жоспарлануда. Салтанатты шара ТМД қатысушы елдерінің керуен-шеруімен басталып театрландырылған қойылыммен жалғасады. Бағдарламада көне қаламыздың тарихы мен келешегі баяндалады", - деді Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы.


Жыл бойы өткізілетін негізгі ауқымды шаралар тізімі:

- ТМД елдері өнер шеберлерінің мерекелік концерттері, Шымкент қаласының 2200 жылдығына арналған салтанатты іс-шара;

- «Жібек жолы» дәстүрлі қолөнершілерінің көрмесі;
- ТМД елдерінің суретшілер және фотосуретшілер байқауы;
- Драма театрлары, анимациялық фильмдер, опера жұлдыздарының фестивалдері;
- Халықаралық ақындар айтысы;
- Алғаш рет I халықаралық «Душа Евразии» эстрада әндерін орындаушылардың фестивалі;
- Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдық, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық және Шымкент қаласының 2200 жылдық мерейтойларына арналған ғылыми-практикалық конференциялар, форумдар, кездесулер, көрмелер және тағы басқа іс-шаралар
ұйымдастырылып өткізіледі.

Сондай-ақ, туристер мен қала тұрғындарының қызығушылығын арттыратын Ескі қалашық құрылысы қарқынды жүрзілуде.

"Сонымен қатар, 2020 жылы Ұлы ақын, кемеңгер ойшыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдық және шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойларына байланысты қалада арнайы іс-шаралар жоспары бекітілген. 40-қа жуық ауқымды және 900-ға жуық тақырыптық мәдени іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр." ,- деді Рашид Мыңбаев.