Қазіргі уақытта балада 1-2 дәрежелі термиялық күйік байқалады.
иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден
Шымкент қаласындағы Жұқпалы аурулар ауруханасында емделіп жатқан жасына толмаған нәрестеге ыстық сумен клизма жасап күйдіріп алған медбикедер жұмыстан уақытша шеттетілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, 10 айлық бала 2019 жылдың 25 наурыз күні Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жедел жәрдем қызметімен ауруханаға жеткізілген. Сол күні «ЖРВИ орташа ауыр» диагнозымен ауруханаға жатқызылған.
Қазіргі уақытта балада 1-2 дәрежелі термиялық күйік байқалады және тері жамылғысының 1% - дан төмен. Баланы комбустиолог, балалар хирургі толық тексерді. Баланың диагнозы мен жай-күйін ескере отырып, тиісті емдеу-диагностикалық іс-шаралар жүргізілуде. Баланың қазіргі жағдайы тұрақты, қанағаттанарлық. Оң динамикалық өзгерістер байқалады және бала тиісті емін одан әрі жалғастыру үшін Облыстық балалар ауруханасының бейінді бөліміне ауыстырылған.
Аталған факті бойынша ішкі аудит комиссиясымен ЖАА-да қызметтік тексеру жүргізілді, сонымен қатар Шымкент қалалық ДСБ-ның қатысуымен Шымкент қаласы бойынша ҚДСД тарапынан нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес және еңбек кодексі бойыншатексеру жүргізілуде", - деп хабарлады Шымкент қалалық ДСБ-ның баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Шымкент қаласында Жұқпалы аурулар ауруханасында медбике 1 жасар нәрестеге қайнаған сумен клизма жасап күйдіргені туралы хабарланған болатын.