ШЫМКЕНТ: 100-ге жуық мектептің алдындағы жаяу жүргіншілер өткелі жаңартылды

0
407

Жұмыстар көлік қозғалысына кедергі келтірмеуі мақсатында түнгі уақытта атқарылды.


ШЫМКЕНТ: 100-ге жуық мектептің алдындағы жаяу жүргіншілер өткелі жаңартылды

Шымкентте жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол апаттарының алдын алу мақсатында қала көшелерінде жол таңбаларын жаңарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мұндай жаңарту жұмыстары қолданыстағы стандарттарға сәйкес тұрақты түрде атқарылады. Бүгінгі күнге дейін қаладағы 87 мектептің алдында жаяу жүргіншілер өткелі жаңартылды.
Жұмыстар көлік қозғалысына кедергі келтірмеуі мақсатында түнгі уақытта атқарылады.
Шымкент қаласында бүгінде 270 шақырым көшенің жол таңбалары жаңартылып, сызылды. Оның ішінде 250 шақырымы термопластиктен, ал қалған 120 шақырымы акрильді бояумен сызылды.
Айта кетейік, 2022 жылдың қорытындысымен 450 шақырым жол таңбалары сызылған болатын.
Жол таңбалары сызылған көшелер тізімі:
1. Бөгет көшесі;
2. И.Тайманұлы көшесі;
3. Шымсити шағын ауданы 5 көше;
4. Володарского көшесі;
5. Ерманов көшесі;
6. Сайрам көшесі;
7. Мәделі қожа көшесі;
8. А.Асқаров көшесі;
9. Н.Малқаров көшесі;
10. Рашидов көшесі;
11. Н.Төреқұлов көшесі;
12. М.Мәметова көшесі;
13. Тәуке хан көшесі;
14. Ж.Шаяхметов көшесі;
15. Түркістан көшесі;
16. Ж.Тәшенов көшесі;
Акрильді бояумен:
1. Бақбаев көшесі;
2. Қ.Төлеметов көшесі;
3. Жібек жолы көшесі;
4. Ынтымақ шағын ауданы (Барыс базар маңы).

Айта кетейік, 2023 жылы Шымкент қаласында 256,8 шақырым жолға құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Ал, жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайы 2022 жылы 67,4% пайызды құрады. Бұл көрсеткішті 2023 жылы 71,2% пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Қаланың магистралды көшелері мен ішкі орам көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары 256,3 шақырымды құрайтын 152 нысанда немесе 294 көшеге жүргізіліп, пайдалануға берілді. Ал, 2023 жылы орташа жөндеу жұмыстарын 201,7 шақырымды құрайтын 253 көшеге жүргізу жоспарлануда. Сондай-ақ, Қаратау ауданында 50 шақырымды құрайтын 74 көшеге асфальт төселеді. Қаратау ауданы аумағында жалпы ұзындығы – 631 шақырымнан тұратын 595 көше бар. Оның 364 шақырымы асфальттанған көше болса, 233 шақырымын шағал тас, 33 шақырымын топырақ көшелер құрайды. Жалпы 2023-2025 жылдар аралығында 441,2 шақырымды құрайтын 466 көшеге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілетін болады.