Жөндеу жұмыстары қайтарымды қаржы негізінде жүргізілетін болады.
Шымкент қаласында жақында көпқабатты 15 тұрғын үйдің күрделі жөндеу жұмыстары қайтарымды қаржы негізінде жүргізілетін болады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Еске сала кетейік, биыл үшінші мегаполисте тозығы жеткен тұрғын үйлер мәселесін шешу мақсатында реновация бағдарламасы іске қосылды. Жаңа бағдарлама қаланың сәулеттік келбетіне кері әсер ететін ескірген ғимараттарды жойып, мегаполистің сәулеттік ерекшелігіне сай зәулім үйлер қатарын арттыру үшін қолға алынған. Бағдарлама аясында бірінші кезекте тозығы жеткен тұрғын үйлер және тұрғындардың келісімімен басқа да үйлер бұзылуы мүмкін. Сондай-ақ, тозығы жеткен үйлер аумағында орналасқан ғимараттар бағдарлама әкімшісіне реновациялауға жататын үйлердің тізбесіне қосуға өтініш білдіре алады. Жоба жасалғанда абаттандыру жұмыстарына қажет болған жағдайда тұрғын емес үй жайлар да бұзылады. 2023 жылы жалпы саны 86 пәтерден тұратын 6 тұрғын үйді бұзу жоспарланған. Аталған үйлер Абай ауданында – 1, Әл-Фараби ауданында – 1, Еңбекші ауданында – 1, Тұран ауданында – 3. Қазіргі таңда реновациялау жобаларына жеке инвесторлар тарту бойынша «Shymkent ӘКК» АҚ жұмыс жасауда.