​«Шымкент 2020 - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының мәдени астанасы» жылының салтанатты ашылу рәсімі өтеді​

0
1 832

Тележоба «Мир-24» халықаралық, республикалық телеарналарда және интернет желілерінде көрсетілетін болады.


​«Шымкент 2020 - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының мәдени астанасы» жылының салтанатты ашылу рәсімі өтеді​

«Шымкент 2020 - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының мәдени астанасы» жылының салтанатты ашылу рәсімі өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2017 жылғы 11 қазанда Сочиде өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының мемлекет басшылары кеңесінің отырысында 2020 жылы Шымкент қаласы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) мәдени астанасы болып белгіленіп, «Шымкент 2020 - ТМД-ның мәдени астанасы» жылының ресми, салтанатты ашу рәсімін қаладағы «Қажымұқан» атындағы орталық стадионда өткізу жоспарланған болатын. Алайда, әлемде COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуына байланысты бұл жоспар тоқтатылды.
Қазіргі таңда, қала әкімі М. Әйтеновтың бастамасымен және қолдауымен 2020 жылғы 19 маусымда Шымкент қаласының күніне орай телевизиялық нұсқада «Шымкент 2020 - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының мәдени астанасы» жылының салтанатты ашылу рәсімі өтеді.
Ашылу рәсімін өткізудің әзірленген тұжырымдамасына сәйкес, телевизиялық форматқа концерттік және ресми бөлімі бейімделетін болады. Көрсетілімінің алдында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтеновтің үндеуі-бейнеролик көрсетіледі. Бағдарлама келесі бөлімдерден тұрады – «Интро», «Ұлы мұраның бастауы», «Ұлы Жібек жолы – Шығыс пен Батыс арасында» және «Шымкент – аңыздар қаласы»,«Қазақ халқының ағартушылары», «Менің Елiм».
Басты кейіпкер – қыз, Шымкент қаласының тұрғыны, таңертеңгі күн сәулесімен далаға қарай жүгіріп, қолында іс-шара логотипі бар батпырауықты ұстап тұрады. Осылайша, өңірдің табиғи сұлулығы - оның жайлауы бар ландшафты, қар басқан таулар мен қаланың көрікті жерлерінің суретіне Мәдениет жылының тақырыбы кіреді. Шығармада елдің ұлттық және мәдени ерекшеліктерінің шығу тегі, тамыры туралы айтылады.Ұлы тарих пен аңыздардан тұратын қазақ даласы басты образға айналады.
Оның ішінде 2014 жылдан бастап Шымкент тұрғын алабы болған, қазіргі уақытта Сайрам, ежелгі Исфиджаб - халықаралық магистральдағы ірі сауда және мәдени орталықтың тарихы көрсетілетін болады. Сондай-ақ, 2200-жылдығы ЮНЕСКО-ның 2020 жылғы атаулы күндер халықаралық күнтізбесіне енгізілген Шымкенттің тарихы да көрсетіледі.
Көрермендердің назарына ежелгі ұлы ойшылдар мен тұлғалар шығады: Әбу Насыр әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари, Қожа Яхмет Яссауи, Мұхамед Хайдар Дулати, Қадырғали Жалайыр, Әйтеке би, Ұмай ана, Домалақ ана, Абай, Шәмші Қалдаяқов. Сонымен қатар, Шымкенттің ең әдемі орындары мен көрікті жерлері көрсетілетін болады.
Ресми бөлімі ТМД Атқарушы комитетінің төрағасы Сергей Лебедевтің, Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының (МГЫҚ) Басқарма төрағасы, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі кеңесіндегі Әзірбайжан республикасының өкілі Полад Бюльбюль оглы және МГЫҚ Басқармасының тең төрағасы, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі кеңесіндегі Ресей Федерациясының өкілі Михаил Швыдкойдың бейне үндеулерін қамтиды.
Тележоба «Мир-24» халықаралық, республикалық телеарналарда және интернет желілерінде көрсетілетін болады.
Сонымен қатар, қала күні мерекесі аясында жергілікті телеарналар мен әлеуметтік желілерде онлайн форматта көптеген танымдық, мәдени-сауықтық шаралар, поэзиялық сағаттар, фестиваль-байқаулар, көрмелер өтеді. Атап айтқанда, ТМД және еліміздің өнерпаздарының қатысуымен «Шуақ шашқан, Шымқалам!» атты мерекелік концерттік бағдарламасы, «Shymkent-Fest» онлайн өнер фестивалі аясында «2200 жылдық шежірелі Шымкент» Республикалық онлайн ақындар айтысы, «Ғажайып қала - Шымкент» жазба ақындар арасында онлайн мүшайра, «Ертегі қала - Шымкент» фотографтар арасындағы онлайн байқауы, «Балалар көзімен - Шымкент» жас суретшілер арасындағы сайыс, «Қайырымды қала - Шымкент» оқырмандар арасындағы онлайн оқу және ТМД шығармашылық ұжымдары мен өнерпаздарының құттықтаулары.
Бұл фестивальге қатысушы өнерпаздардың шығармалары, әлеуметтік желілер мен жергілікті телеарналарда жарияланатын болады.