ШЫМКЕНТ: 2023 жылы Әл-Фараби ауданы газбен толық қамтылады

0
554

Ал, 276-орамда құрылыс жұмыстары 2023 жылдың І-жартыжылдығында аяқталу жоспарлануда.


ШЫМКЕНТ: 2023 жылы Әл-Фараби ауданы газбен толық қамтылады

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында 2023 жылы табиғи газ жүйесімен қамту көрсеткіші 100 пайызды құрайтын болады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2022 жылы Ақтас-2 елді-мекенінде мердігер мекеме «Ремстрой» ЖШС тарапынан табиғи газ желісінің құрылыс жұмыстары жүргізіліп, абоненттерге қосылу бойынша жұмыстары аяқталды.

Сонымен қатар, 195-орамда мердігер мекеме «Ремстрой» ЖШС тарапынан табиғи газ желісінің құрылыс жұмыстары жүргізілді. Ал, 276-орамда құрылыс жұмыстары 2023 жылдың І-жартыжылдығында аяқталу жоспарлануда.

Сондай-ақ, бүгінде Әл-Фараби ауданында ауыз су жүйесімен қамту көрсеткіші 100% құрап отыр.

2022 жылы Сәуле шағын ауданында Жаңабазар көшесінде қалып кеткен 40-тан астам үйге ауыз су тарту жұмыстарын «Су құбыры және канализация басқармасы» МКК тарапынан жүргізіліп, тұрғындарға пайдалануға берілді.
Сонымен қоса, «Текесу» елді мекенін ауыз су жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында құрылыс жұмыстарын мердігер мекеме «Жаңару» ЖШС тарапынан жұмыстар жүргізіліп, аяқталды.

Ал, Абай ауданы бойынша 2022 жылдың соңында ауыз сумен қамтылмаған Қайнарбұлақ тұрғын алабы ғана болатын. Бүгінде бұл елді мекенде 493 үйге, яғни 1540 абонентке ауыз су құбыры тартылған. Ауыз су тарту бойынша 2022 жылы басталған құрылыс жұмыстары 2023 жылы толығымен аяқталады деп жоспарлануда. Жобаның құны 7,1 миллиард теңгені құрайды. Мердігер компания «Мелиоратор» ЖШС.

Айта кетейік, қазіргі уақытта 81 елді мекеннің 78-і (1084,9 мың тұрғын) сапалы ауыз сумен қамтылса етілсе, Құрсай, Сайрам, Қайнарбұлақ елді мекендері кесте бойынша ауыз су тұтынып отыр. Биыл Шымкент қаласы бойынша ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 98,5% - дан 100%-ға дейін өседі деп күтілуде. Шымкент қаласын сапалы ауыз сумен қамту мақсатында 6 нысанда су құбырларын тарту жұмыстары кезең-кезеңімен іске асырылып жатыр. Олар — Құрсай 1,2-кезек, Қайнарбұлақ, Сайрам 1,2 және 3-кезек, Еңбекші ауданы жаңа құрылыс аумағы. Нәтижесінде 72 мыңнан астам тұрғын орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылу мүмкіндігіне ие болады.