ШЫМКЕНТ: 300 адамға жасырын той жасағандар анықталды

0
925

Құзырлы орган қызметкерлері ақыры тойхана есігін ашып, қонақтарды тарқатты.


ШЫМКЕНТ:  300 адамға жасырын той жасағандар анықталды

иллюстрациялық фото

Шымкентте тойхана есігін жауып, 300 адамға жиын ұйымдастырғандар анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкентте демалыс күндері той-жиын ұйымдастырғандар анықталды. Карантин талаптарын елемегендер Абай ауданы бойынша жүргізілген жедел профилактикалық іс-шаралардың барысында анықталды.

Шымкент қаласы Жиделі Байсын көшесінің бойында орналасқан Гранд Сұлтан тойханасының үш бірдей залында той-жиын ұйымдастырылғаны белгілі болды. Құрамында полицейлер мен аудандық әкімдік өкілдері бар мобильді топ өкілдері келген де ғимараттың есігі жабық тұрған. Алайда бұл кезде нысанның үш бірдей үлкен залында дүбірлі той болып жатқан музыканың дауысы шығып тұрған еді, - делінген ақпаратта.

Құзырлы орган қызметкерлері ақыры тойхана есігін ашып, қонақтарды тарқатты. Ал карантин талаптарын өрескел бұзған тойхана иесінен түсініктеме алынды. Аталған жайт бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігімен шара көру үшін Абай ауданының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына іс-құжаттар жолданды.