Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қажетті құралдармен қамтамасыз ету 85,9 пайыз көрсеткішті құрады.
Шымкент қаласында 500-ден астам мүмкіндігі шектеулі азаматтар сурдотехникалық құралдармен қамтамасыз етілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Мүгедектерді сурдотехникалық құралдарымен қамтамасыз ету мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдар техникалық оңалту құралдарының 55 түріне және түрлі қызметтерге онлайн тапсырыс бере алады. Портал мүмкіндігі шектеулі азаматтарға үйінен шықпай ЭЦҚ көмегімен көптеген мүмкіндік ұсынылып отыр. Мүгедектігі бар жандарды протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдарды, сондай-ақ кресло-арбалармен қамтамасыз ету қарастырылған. Арнайы әлеуметтік қызметтерге жеке көмекшілердің, ымдау тілі мамандарының және санаторий-курорттық емдеу қызметтері кіреді.