ШЫМКЕНТ: 60 миллион долларға Happy land отбасылық ойын-сауық саябағы салынады

0
2 965

Непалдық миллиардер Шымкентте 60 миллион долларға отбасылық​-ойын сауық саябағын салмақшы.


ШЫМКЕНТ: 60 миллион долларға Happy land отбасылық ойын-сауық саябағы салынады

Иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден алынды

Непалдық миллиардер Шымкент қаласында 60 миллион долларға Happy land отбасылық ойын-сауық саябағын салмақ, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.


Бұл жөнінде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Данат Жумин өзінің "фэйсбук" парақшасында жазды. Ал, жобаны жүзеге асыруға ниетті болған алғашқы серіктестің мұндай ауқымды нысанды салуға қаржысы болмай шығыпты. Сондықтан, қала әкімінің тапсырмасымен өзге инвестор табуға тура келген айтады.

"Мен жуырда қонақ үй, азық-түлік, электроника саласында 80-нен аса компаниясы бар непалдық миллиардер Бинод Чаудхаримен кездестім. Және де ол менің ұсынысыма қызығушылық танытты. Қысқа мерзім ішінде қаржы институттары, инвестициялық қорлар, мемлекеттік орган өкілдерімен кездесулер өткізіп, олардың қолдау білдіруге дайын екенін білдік. Осыдан кейін инвестор мақсатымыздың жауапкершілігін сезініп, қаржы құйуға шешім қабылдапты. Ол бұл жөнінде ҚР Премьер-министрі А.Ұ.Маминмен кешегі кездесу барысында айтты. Бүгін тағы бірнеше келіссөздерден кейін ол баршаға мәлімдеп, қажетті құжатқа қол қойды",- деп жазады Данат Жумин.

Қала басшылығы бұның дұрыс қадам екеніне сенімді. Десе де, жобаны жүзеге асыру үшін әлі де қыруар жұмыс атқару керек екенін жоққа шығармайды.

"Happyland" - аквапарк, SPA & Resort қонақ үй, аттракциондар паркі, жабық ойын-сауық орталығы, табиғат паркі және гольф-клуб секілді алты сегменттен тұратын ең ірі заманауи, отбасылық ойын-сауық кластері болып табылады. Осы жобаны жүзеге асыру үшін "Shymkent" ӘКК тарапынан таштракт ауданында учаске бөлінеді", - деді ӘКК басқарма төрағасы Рашид Аюпов.

Жобаның жалпы құнын теңгеге шаққанда 20 миллиард теңгеден асып отыр.